"Ливерпуль" - топтық кезеңнің барлық кездесуінде жеңіске жеткен тұңғыш ағылшын клубы

8 желтоқсан 2021 04:36
©liverpoolfc

2021-2022 жылғы Чемпиондар Лигасының маусымында "Ливерпуль" топтық кезеңдегі барлық матчта жеңіске жетті. Бұл көрсеткішті бұрын-соңды ағылшын командалары тіркемеген, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

В тобында "Атлетико", "Порту" және "Милан" клубтарымен кездескен Юрген Клопп ойыншылары 6 матчта 18 ұпай еншіледі. Сонымен қатар, қарсылас қақпасына 17 гол соғып, өз қақпасына небәрі 6 гол өткізді. Соңғы турда "Ливерпуль" қонақта "Миланды" 1:2 есебімен ұтып жарыстан шығарды. 

Енді плей-офф кездесулері келесі жылдың ақпан айында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: