"Ливерпуль" тағы да ұпай жоғалтты

©Reuters

Англия чемпионатының екінші турында "Ливерпуль" өз алаңында "Кристал Пэласпен" тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

32-минутта Уилфрид Заа қонақтарды есепте алға шығарса, 61-минутта колумбиялық жартылай қорғаушы Луис Диас таразы басын теңестірді. Оның алдында Дарвин Нуньес алаңнан қуылып, Юрген Клопп шәкірттері бір ойыншыға кем қалғанын айта кеткен жөн. Матч барысында ағылшын арғымақтары Лондоннан келген команданың қақпасына 24 соққы жасағынымен бір голдан артық сала алмады. 

Қорытынды есеп 1:1. Осылайша, "мерсисайдтықтар" АПЛ маусымында қатарынан екінші рет ұпай жоғалтып отыр. Осының алдында ""Ливерпуль  сырт алаңда "Фулхэммен" 2:2 есебімен тең түскен еді.

Әзірге 6 ұпайы бар "Манчестер Сити" мен "Арсенал" турнир кестесінде көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport