"Ливерпуль" сырт алаңда "Манчестер Юнайтед" командасын ұтты

Сурет: Liverpool FC

"Ливерпуль" Англия премьер-лигасы 34-ші тур матчінде "Манчестер Юнайтедті" ұтты , деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу "Олд Траффорд" стадионында өтіп, 4:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойындағы бірінші гол "Ливерпуль" қақпасына салынды. Оныншы минутта манчестерліктердің жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш тепкен доп қонақтар қоғаушысы Натаниел Филлипстің аяғына тиіп барып, қақпаға кірді. Басында автогол есептелді, алайда, кейін гол авторы Фернандеш деп танылды. 

Есепті 34-ші минутта "Ливерпуль" шабуылшысы Диогу Жота теңестірді. Ал бірінші таймға қосымша уақыттың үшінші минутында Роберто Фирмино алаң иелерін алға шығарды.  

47-ші минутта Фирмино дубль жасады. 68-ші минутта манчестерліктер пайдасына Маркус Рашфорд екінші голды салды. Ал ойынның 90-шы минутында "Ливерпуль" форварды Мохамед Салах қақпашымен жекпе-жек шығып, кездесудегі соңғы голды салды. 

Жаңалықтар