"Ливерпуль" өз алаңында "Челсиден" ұтылды

Сурет: weaintgotnohistory.sbnation.com©

"Челси" Англия премьер-лигасының 29-шы тур матчінде "Ливерпульді" ұтты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Энфилд" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды.

Жалғыз голды 42-ші минутта "Челси" жартылай қорғаушысы Мэйсон Маунт салды. Сонымен бірге, төреші 17-ші минутта лондондықтардың тағы бір добын офсайд себебінен есептемеді. 

 Осылайша, "Ливерпуль" өз алаңында қатарынан бесінші рет ұтылып отыр.