"Ливерпуль" мен "Ситиде" мүмкіндік береді. ПСЖ-ның экс-бапкері бұрынғы клубын сынады

©Reuters

Белгілі аргентиналық бапкер Маурисио Почеттино ПСЖ, "Манчестер Сити" және "Ливерпуль" клубтарын салыстырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" сынды мықты клубтар бар. Олардың басшылығы бапкерге сенім артады. Жақсы нәтиже көрсетуіне уақыт береді. Мәселен біз ПСЖ-мен Франция біріншілігін 15 ұпай басымдықпен ұттық. Чемпиондар Лигасында "Реалдан" ұшып кеткен соң түбі командадан кететінімізді іштей біліп жүрдік. Ал "Сити" Испанияның "Мадридінен" бес минутта үш гол өткізіп жарысты тоқтатады. Бірақ ертесіне Холландты сатып алады. Демек бас жаттықтырушыға мүмкіндік береді. Басшылық Гвардиолаға жеті жылдан бері сенім артып келеді. Әрине әртүрлі жобалар болады. Алайда париждік команда бірден Чемпиондар Лигасының кубогін иеленгісі келеді. Оларға Лига 1 еш қызық емес", - дейді Почеттино.

Еске салайық, Маурисио Почеттино ПСЖ клубымен Франция чемпионы атанды. Сонымен қатар, Франция кубогі мен суперкубогін жеңді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport