"Ливерпуль" маусымда алғаш рет жеңіс сериясын жасады

27 желтоқсан 2022 12:22
© twitter

"Ливерпуль" сырт алаңда "Астон Вилланы" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz

АПЛ 17-туры аясында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Мохамед Салах бесінші минутта есеп ашты, ал 37-минутта Вирджил ван Дейкке ассист жасады. 

Олли Уоткинс 59-минутта есепті қысқарта алды. Ал 81-минутта 18-жастағы қорғаушы Стефан Байчетич командасы үшін бірінші голын салып, матч есебіне нүкте қойды. 

Осылайша, "Ливерпуль" осы маусымда алғаш рет қатарынан үш матчта ұтты. Турнир кестесінде команда алтыншы келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport