"Ливерпуль" өзінің шабуылшысы Садио Манені мюнхендік "Баварияға" сатудан бас тартты, деп хабарлайды "Чемпионат" сайты The Times басылымына сілтеме жасап.
"Бавария" сенегалдық футболшы үшін 21 миллион фунт және төрт миллион үстеме ұсынған, алайда, англиялық клуб бұл аз деген шешімге келген.
Мұның алдында 30 жастағы футболшы "Бавариямен" үш жылдық келісімшартты талқылаған, ол бойынша Мане жылына 20 миллион еуро алатын еді.
Мане "Ливерпуль" сапына 2016 жылы "Саутгемптон" сапынан 41,2 миллион еуроға ауысқан. Содан бері ол 269 матчта 120 гол салып, 48 нәтижелі пас берген. Садионың англиялық клубпен келісімшарты келесі жылы аяқталады.