"Ливерпуль" командасы "Романың" үздік футболшысын сатып алмақшы

©Reuters

Ағылшындық "Ливерпуль" командасы "Романың" жас футболшысы Николо Дзаньолоға көз тікті, деп жазады La Gazzetta dello Sport порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, 22 жастағы футболшы "Ромамен" келісмшартын ұзартпаса, "Ливерпуль" оны сатып алуға дайын. 

Ал "Рома" болса жартылай қорғаушыны тек 65-70 миллион еуроға сатуға ниетті. Transfermarkt Дзаньолоны дәл қазір 33 миллион еуроға бағалап отыр. 

Николо Дзаньолоның италиялық командамен келісімшарты 2024 жылдың соңына дейін. "Рома" қазір осы шартнаманы ұзарту үшін жұмыс істеуде. Бірақ жартылай қорғаушы әлі келісім бермеді. 

Айта кетейік, Дзаньоло "Рома" сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол биыл Италия біріншілігінде 24 кездесуге қатысып, екі гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport