"Ливерпуль" Клопптың кетуінен қорқып отыр

Сурет: Soccer.Ru
Футболдан Германия құрамасы "Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клоппты өздерінің маманы Йоахим Левтің орнына қарастырып отыр, - деп хабарлайды Mirror.

Ақпарат бойынша, "Ливерпуль" Клоппты өз клубында қалдыру үшін күш салуы қажет. Ал бапкердің өзі Германия құрамасына ауысуды карьерасының қалыпты жалғасы ретінде қарастырып отыр. 

Германиялық маманның "Ливерпульмен" келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген. 

Англиялық клубқа 2015 жылы Клопп келгеннен бастап әлемдік футболға оралу бағытында үлкен қадамдар жасалды. Өткен амусымда мерисайдтықтар өздері үшін рекордты 97 ұпай жинады, алайда, ел чемпионы бола алмады. Дегенмен команда Чемпиондар лигасы трофейін жеңіп алды. 
Жаңалықтар