"Ливерпуль" қысқы трансферлік терезеде бірде-бір ойыншымен келісімшарт жасаспайды. Клуб өз құрамын 2022 жылдың жазында күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ESPN басылымы.
Бұған дейін "Ливерпуль" командасы "Вильярреалдың" шабуылшысы Арно Груневельд Данжуманы сатып алғысы келген еді, бірақ испаниялық клуб қысқы трансфер терезесінде ойыншыны жіберуден бас тартты. Сондай-ақ, "Ливерпуль" мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавингаға қызығушылық танытуда.
"Ливерпуль" Англия чемпионатының келесі турында "Лестермен" кездеседі. Матч 28 желтоқсанда өтеді.
Юрген Клопп шәкірттері Премьер-лигадағы 18 ойыннан кейін 41 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында келеді.