"Челси" жартылай қорғаушысы Н'Голо Канте карьерасын "Ливерпульде" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды "Чемпионат".
Клуб футболшыны жазғы трансферлік кезеңде сапына қосуға тырыспақ.
"Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопптың ойынша, Канте әлі де әлемдік деңгейдегі жұлдыз.
Футболшы көптеген жарақаттар алып, тамыздан бері әлі ойнамағанына қарамастан, маман оның командаға тез сіңісіп, қашықтыққа жақсы жүгіретін физикалық формасы арқасында шешуші рөл атқара аларына сенімді.
Оның үстіне жартылай қорғаушы "Ливерпуль" сапына еркін агент ретінде тегін келеді.
Еске салайық, Канте "Челси" сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ал командамен қазіргі келісімшарты 2023 жылғы маусымның соңына дейін жасалған.