"Ливерпуль" Италияда ірі есеппен ұтылды

©Наполи ФК

Чемпиондар лигасының бірінші турында "Ливерпуль" қонақта "Наполиге" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Диего Армандо Марадона" стадионында Юрген Клопп шәкірттері 4:1 есебімен ойсырай ұтылды.

"Наполи" сапында Петр Зелиньски (5-минут пенальти, 47), Замбо-Ангисса (31) және Джованн Симеоне (44) көзге түсті. Ал қонақтардан тек Луис Диас (49) жұбаныш голын салды.

Енді Тұманды Альбионнан келген ағылшын командасы өз алаңында Нидерландының "Аяксын" қабылдайды.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар