Чемпиондар Лигасының екінші жартылай финалының алғашқы ойыны аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Энфилд" стадионында "Ливерпуль" Испанияның "Вильярреалын" қабылдады. Нәтижесінде Юрген Клопп баптайтын ағылшын клубы жеңіске жетті. Бірінші таймда есеп ашылмаса, үзілістен кейін Фабиньо алаң иелерін алға шығарды. Алайда ойыннан тыс қалды. Дегенімен араға бірер минут салып Джордан Хендерсон бастаған "мерсисайдтықтар" белсенділік танытып, "Вильярреал" қорғаушысы Первис Эступиньян автогол авторы атанды.
55-минутта Мұхамед Салахтың пасын дәл қабыл алған Садио Мане есепті еселеді. Қорытынды есеп 2:0. Жалпы кездесу барысында "Ливерпуль" футболшылары қарсылас қақпасына 20 соққы жасады.
Осылайша, алғашқы матчтан кейін "Ливерпуль" финалға бір табан жақындай түсті. Дегенімен жеңімпаз қос ойынның қорытындысы бойынша 3 мамыр күні "Эстадио де ла Серамика" аренасында анықталады.