Англия чемпионатының 11-турында "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" матчінен кейін қалалықтардың автобусына "Ливерпуль" жанкүйерлері тарапынан қастандық жасалды, деп жазады Sky Sports.
Жанкүйерлер түрлі заттармен автобусқа шабуыл жасаған.
Осыған орай қонақ команда өкілдері қарсы тарапқа реніштерін білдірген. Аталмыш оқиға 2018 жылдан кейін тағы да қайталанып отыр. Ол кезде "мерсисайдтық" фанаттар Чемпиондар лигасының 1/4 финалынан кейін "Сити" автоубсына шабуыл жасаған еді.
Еске салайық, соңғы турда Мохамед Салахтың голынан кейін "Ливерпуль" өз алаңында "Манчестер Ситиді" 1:0 есебімен ұтты.