Англияның "Ливерпуль" клубы алғашқы матчтағы жеңілістен кейін ыстамбұлдық "Галатасарайды" осы жолы ірі есеппен қтып, Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Энфилдтегі" кездесу алаң иелерінің 4:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.
Есепті 25-минутта Доминик Собослаи ашты. Бірінші таймның қосымша уақытында мерсисайдтықтар басымдығын арттыра алатын еді, алайда, Мохамед Салах пенальтиді мүлт жіберді.
Үзілістен кейін Арне Слот шәкірттері қарқынын үдетті. 51-минутта Уго Экитике есеп айырмасын еселесе, араға екі минут салып Райан Гравенберх үшінші голды соғып, нәтижені сенімді етті. Ал 62-минутта Салах жіберген мүмкіндігін еселеп қайтарып, төртінші голды соқты да, матч тағдырын толық шешті.
Еске салайық, алғашқы кездесу "Галатасарайдың" 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін түркиялық клуб плей-офф кезеңінде "Ювентусты" екі матч қорытындысы бойынша 7:5 есебімен ұтқан еді. Ал "Ливерпуль" турнирдің жалпы кезеңінде 18 ұпай жинап, үшінші орын алған.
Биылғы Чемпиондар лигасының финалы 2026 жылдың 30 мамырында Будапешт қаласындағы "Пушкаш Арена" стадионында өтеді.