1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
5 қараша 09:51
 

"Ливерпуль" Чемпиондар лигасында "Реалдың" жеңіс сериясын үзді

  Пікірлер

blog.share

"Ливерпуль" Чемпиондар лигасында "Реалдың" жеңіс сериясын үзді ©Fondoruso.ru

Англияның "Ливерпуль" клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші тур матчында мадридтік "Реалды" ұтып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Англияның "Ливерпуль" клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші тур матчында мадридтік "Реалды" ұтып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Ливерпуль қаласындағы "Энфилд" стадионында өтті және алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Ойынның 61-минутында мерсисайдтықтардың жартылай қорғаушысы Алексис Макаллистер жалғыз голдың авторы атанды.

Осылайша, "Реал" Чемпиондар лигасының жаңа маусымында алғаш рет ұпай жоғалтты - бұған дейін мадридтіктер үш кездесу қатарынан жеңіске жеткен болатын. Ал "Ливерпуль" төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, енді екі клуб та 9 ұпай жинап, жалпы турнир кестесінің алғашқы алтылығында орналасқан.

Сонымен қатар, "Ливерпуль" "Реалдың" жеңісті сериясын үзіп отыр. Бұған дейін Хаби Алонсоның шәкірттері алты матч қатарынан ұтып, жалпы есеп бойынша 16:2 нәтижесін көрсеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!