"Ливерпуль" - "Челси" арасындағы УЕФА Суперкубогы үшін матч Қазақстанда тікелей көрсетіледі

© УЕФА сайтынан
14 тамыз түнде англиялық "Ливерпуль" мен "Челси" арасындағы УЕФА Суперкубогы үшін матч өтеді.

Ойын Түркия астанасы Ыстанбұлдағы 43 500 адам сиятын "Водафон Арена" стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 01:00-де. Матчті QazSport арнасы ткікелей көрсетеді. 

Ойында Стефани Фраппар бастаған франциялық төрешілер бригадасы қызмет етеді. Бас төрешілге Мануэл Николози мен Мишель О’Нил көмек көрсетеді, қосалқы рефери - Джюнейт Чакыр (Түркия).

"Ливерпуль" өткен маусымда Чемпиондар Лигасын, ал "Челси" Еуропа Лигасын ұтты.
Жаңалықтар