14 тамыз түнде англиялық "Ливерпуль" мен "Челси" арасындағы УЕФА Суперкубогы үшін матч өтеді.
Ойын Түркия астанасы Ыстанбұлдағы 43 500 адам сиятын "Водафон Арена" стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 01:00-де. Матчті QazSport арнасы ткікелей көрсетеді.
Ойында Стефани Фраппар бастаған франциялық төрешілер бригадасы қызмет етеді. Бас төрешілге Мануэл Николози мен Мишель О’Нил көмек көрсетеді, қосалқы рефери - Джюнейт Чакыр (Түркия).
"Ливерпуль" өткен маусымда Чемпиондар Лигасын, ал "Челси" Еуропа Лигасын ұтты.