"Ливерпуль" Бундеслигадағы ең мықты бомбардирлердің бірінен бас тартты

Сурет: XSPORT.ua
Англиялық "Ливерпуль" германиялық "РБ Лейпциг" шабуылшысы Тимо Вернердің трансфері бойынша келіссөзден бас тартты, - деп хабарлайды Daily Mirror.

Бұған себеп "Лейпциг" трансфер соммасын 55 миллион еуродан төмен ұсынғандармен келіссөз жүргізуге дайын емес. Мұның алдында "Ливерпуль" форвардқа айлығын жылына он миллион еуро етіп, бес жылдық келісімшарт ұсынған.

Германиялық ойыншыға мюнхендік "Бавария", лондондық "Челси" мен "Манчестер Юнайтед" командалары да қызығып отыр. Вернердің "РБ Лейпцигпен" келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген.

Вернер "Штутгарт" футбол мектебінің тәлімгері, бұл клубта ол 2013 пен 2016 жыл аралығы өнер көрсетіп, "РБ Лейпциг" сапына ауысқан. Биылғы маусымда шабуылшы Бундеслиганың 28 матчінде 24 гол салып, бомбардирлер сайысында "Бавариядағы" Роберт Левандовскиден (27) кейін екінші келеді. 2017 жылы Тимо Германия құрамасында ойнаған.