Германиялық ойыншыға мюнхендік "Бавария", лондондық "Челси" мен "Манчестер Юнайтед" командалары да қызығып отыр. Вернердің "РБ Лейпцигпен" келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген.
Вернер "Штутгарт" футбол мектебінің тәлімгері, бұл клубта ол 2013 пен 2016 жыл аралығы өнер көрсетіп, "РБ Лейпциг" сапына ауысқан. Биылғы маусымда шабуылшы Бундеслиганың 28 матчінде 24 гол салып, бомбардирлер сайысында "Бавариядағы" Роберт Левандовскиден (27) кейін екінші келеді. 2017 жылы Тимо Германия құрамасында ойнаған.