"Ливерпуль" биылдыққа алғаш рет жеңіске жетті

©footballhd.kz

"Ливерпуль" АПЛ-дің 23-турында "Эвертонды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл команданың биылдыққа бірінші жеңісі. 

"Ливерпуль" сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жетті. 39-минутта Мохамед Салах есеп ашты. Ал 49-минутта Коди Гакпо команда үшін алғашқы голын соқты. 

Осылайша, Юрген Клопп жаттықтыратын команда сәтсіздік сериясын үзді. Мұның алдында төрт матчте "Ливерпуль" үш рет ұтылып, бір рет тең түскен еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport