"Ливерпуль" АПЛ-дің 23-турында "Эвертонды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл команданың биылдыққа бірінші жеңісі.
"Ливерпуль" сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жетті. 39-минутта Мохамед Салах есеп ашты. Ал 49-минутта Коди Гакпо команда үшін алғашқы голын соқты.
Осылайша, Юрген Клопп жаттықтыратын команда сәтсіздік сериясын үзді. Мұның алдында төрт матчте "Ливерпуль" үш рет ұтылып, бір рет тең түскен еді.