"Ливерпуль" Англия рекордын жаңартты

©iSport.ua

"Ливерпуль" клубтық тарихында 13-ші рет Лига кубогінің финалына шығып отыр, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы OptaJoe басылымының "твиттер" желісіне сілтеме жасап. Осылайша, команда турнир рекордын жаңартты. 

"Арсенал" және "Ливерпуль" арасындағы жартылай финалдық екінші матч Лондонда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. 

Диогу Жота 19 және 77-минутта дубль жасады. Ал "Арсеналдан" жартылай қорғаушы Томас Парти екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

"Ливерпуль" финалда "Челсимен" ойнайды. Матч 28 ақпанға жоспарланған.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport