"Ливерпуль" Англия премьер-лигасы тарихына атын жазды

23 қыркүйек 2019 09:35
© Canal3.md
"Ливерпуль" футболдан Англия чемпионатының алтыншы турында "Челсиді" ұтты. 

Осылайша, "Ливерпуль" Англия премьер-лигасы тарихында екі маусымда бастапқы алты матчты қатар ұтқан алғашқы команда болып отыр. 2018/19 маусымында да "қызылдар" турнир басында алты ойынды қатар ұтқан еді. 

Өткен маусымды есепке алғанда "Ливерпуль" АПЛ-дегі қатарынан 15-ші ойын ұтып отыр. 18 ұпай жинаған ливерпульдіктер турнир кестесін бастап тұр. Ал екінші орындағы "Манчестер Ситимен" ұпай айырмашылығы бес балл. 
Жаңалықтар