"Лиссабонда бұл күдік өлді". Неймар ПСЖ-ға қатысты бір шешімге келді

Сурет: Sportbox
ПСЖ шабуылшысы Неймар 2020/21 маусымын париждік клубта өткізетінін хабарлады. Бразилиялық футболшы франциялық командамен Чемпиондар лигасын ұтуға ниетті. 

"Келесі маусым ПСЖ-да қаламын! Чемпиондар лигасына оралып, бұл жолы ұтамыз деген амбициямен. Атымды клуб тарихына жазу үшін бәрін жасаймын. Егер адамдар ПСЖ еуропалық ұлы клуб екенінен күмәнданса, Лиссабонда бұл күдік өлді. Біз бұл қаладан бір күні финалда ұтамыз деген сеніммен кеттік", - деп береді футболшының сөзін "Спорт-Экспресс" клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 жастағы Неймар ПСЖ сапында 2017 жылдан ойнап келеді. 2019/20 маусымындағы Чемпиондар лигасының финалында ПСЖ 0:1 есебімен "Баварияға" есе жіберді.