Лионель Мессидің ПСЖ-дағы жалақы мөлшері белгілі болды

18 қыркүйек 2021 13:16
©"ПСЖ" ФК

Франциялық L'Equipe басылымы "Пари Сен-Жермендегі" аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің қанша жалақы алатынын жариялады.

Дереккөздің айтуынша, келісім бойынша Месси бірінші жылы 30 миллион еуроны қалтасына басады, ал егер аргентиналық футболшы ПСЖ-да қалса, түрлі бонустардың арқасында алдағы екі жылда Мессидің жалақысы тағы 10 миллион еуроға өседі.

Осы маусымда Месси барлық турнирлерде париждік клуб үшін екі матч өткізді, бірақ нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар