Лионель Мессидің "Барселонамен" жаңа келісімшартының мән-жайы айтылды

Сурет: Football-Fun.ru
Каталондық "Барслеона" аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен келісімшартты ұзартпақ. Клуб президенті Жозеп Бартомеу 32 жастағы футболшымен жаңа келісім жасауды басты міндет ретінде қарастырып отыр, - деп хабарлайды sports.ru.

Форвардтың қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін есептелген. Ол бойынша Месси әр маусым соңында басқа клубқа ауыса алады деген шарт бар. 

Бартомеу жаңа келісімгің шарттарын аргентиналықтың әкесі Хорхе Мессимен осы айда алдын ала талқылап, шешіп қоймақшы болған, алайда, клуб қатысты болған бірқатар даулы оқиға бұған мүмкіндік бермеген екен. 

Мессидің өзі "Барселонамен" 2022 жылға дейін келісімшарт жасасуға дайын, дегенмен, 2021 жылы бітетін келісім аяқталысымен кеткісі келген жағдайда басқа клубқа ауыса алатын шартты сақтап қалмақ.