Футбол
1 желтоқсан 2022 23:29

Лионель Месси ПСЖ командасымен келісімшартын ұзартуы ықтимал

©ПСЖ

Францияның ПСЖ командасы шабуылшы Лионель Мессиге жаңа келісімшарт дайындап отыр, деп жазады Goal порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Қатардағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін ПСЖ командасы Лионель Мессиге жаңа келісімшарт ұсынады. Оны аргентиналық шабуылшы біледі. Бірақ ол болашағына байланысты нақты шешім қабылдамаған. 

Айта кетейік, Мессидің ПСЖ клубымен келісімшарты 2023 жылғы маусымның соңында аяқталады. Команда басшылары оның қазіргі айлығын сақтап, тағы екі жылға келісімшартты ұзартуға ниетті. 

Сонымен қатар, дереккөз аргентиналық шабуылшының MLS-те өнер көрсететін "Интер Майами" және "Барселонаға" ауысуы мүмкіндігі төмен екенін жазады. 

Дегенмен де соңғы шешімді Лионельдің өзі әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін қабылдайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport