Лионель Месси ПСЖ-дан кетпек

©twitter.com/imessi

"Пари Сен-Жермен" шабулышысы Лионель Месси париждік клуб сапында қалғысы келмейтін сияқты. Бұл туралы L'Equipe басылымы жазып отыр.

Аргентиналық ойыншы ПСЖ-мен келісімшартты ұзартуға асықпай отыр, құжаттың күші 30 маусымда аяқталады. 

Шабуылшы басқа клубқа ауысу мүмкіндіктерін қарастырып жүр екен. Қарасытырылған ұсыныстардың бірі Дэвид Бекхэмге тиесілі Солтүстік Амеркиа чемпионатындағы "Интер Майами" клубы. 

35 жастағы Месси ПСЖ сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Франция чемпионатның биылғы маусымында ол 18 матч өткізіп, 10 гол салды және 10 ассист жасады.

ПСЖ 23 ойында 54 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport