"Алтын доп" жүлдесінің сегіз дүркін иегері, аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Испания чемпионатының екінші деңгейлі дивизионындағы "Эльденсе" клубын сатып алу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Marca басылымына сілтеме жасап.
Болашаққа бағытталған инвестицияМәлімет көзінің хабарлауынша, 39 жастағы аргентиналық Аликанте провинциясында орналасқан "Эльденсе" клубының 100 пайыз акциясын сатып алады. Бұл Месси карьерасын аяқтағаннан кейін тұрақтағысы келетін Каталонияға жақын орналасқан аймақ.
Мессидің бұл келісімді футболға салынған инвестиция ретінде қарастырып отырғаны атап өтілді.
"Эльденсе" қазіргі маусымда Сегундада өнер көрсетіп жатыр. Команда екі ұпай жинап, турнир кестесінде 20-орында тұр.
Мессидің екінші клубыЕгер келісім жүзеге асса, "Эльденсе" 2026 жылы Месси сатып алған екінші футбол клубы болады. Сәуірде аргентиналық ойыншы Испания чемпионатының төртінші дивизионында өнер көрсететін каталондық "Корнелья" клубының иесі атанған еді.
Леоның клубтық карьерасыЕске салайық, 39 жастағы Месси карьерасының басым бөлігін каталондық "Барселонада" өткізді. Сондай-ақ шабуылшы франциялық "Пари Сен-Жермен" клубында екі маусым ойнады.
2023 жылдан бері аргентиналық футболшы америкалық "Интер Майами" сапында өнер көрсетіп келеді.