Футбол
1 шілде 2021 09:11
 

Лионель Месси - еркін агент. "Барселона" басшысы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Лионель Месси - еркін агент. "Барселона" басшысы мәлімдеме жасады Сурет: © REUTERS

Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси еркін агент атанды. Оның каталондық "Барселонамен" келісімшарты бүгін, 1 шілдеде аяқталды. 

blog.share

Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси еркін агент атанды. Оның каталондық "Барселонамен" келісімшарты бүгін, 1 шілдеде аяқталды. 

Клуб пен форвард 2023 жылға дейін есептелген жаңа келісімшартқа қол қою туралы келісімге келгені хабарланған. Алайда келісім ұзартылғаны ресми айтылмады. 

Қазір "Барселона" алда қиындықтар туындамас үшін Ла Лига және салық инспекциясымен келісімшартты егжей-тегжейлі талқылап жатқаны туралы ақпарат бар. 

Ал "Барселона" президенті Жоан Лапорта осыған қатысты пікір білдірді.

"Біз оның қалғанын қалаймыз, Месси де қалғысы келеді, бәрі жақсы. Қаржылық "фэйр-плей" жағынан қиындық бар. Біз екі жақ үшін де ең тиімді шешімді іздеу үстіндеміз", - деп келтіреді Лапортаның сөзін Sport.es.

Жарнама

Живи спортом!