Лионель Месси Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

Лионель Месси. Сурет: thenationalnews.com©
"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының 2-турында "Ювентуспен" болған ойында гол соғып, тарихи жетістікке қол жеткізді - Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 70 гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Кешегі ойында "Ювентус" "Барселонадан" 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Ойын Туриндегі "Альянц" стадионында өтті. Кездесуде Данни Маккели бастаған голландиялық төрешілер тобы қазылық етті, оған төрешілер Марио Дикс пен Хессел Стегстра көмектесті.



Есеп бірінші таймда ашылды - 14-минутта Усман Дембеле алғашқы голдың авторы атанды. Кездесу соңында Лионель Месси пенальтиден гол соғып, "Барселонаның" басымдылығын арттырды.
Жаңалықтар