Лионель Месси "Барселона" сапына қайта оралуы мүмкін

©Reuters

ПСЖ командасының шабуылшысы Лионель Месси "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

Футболшының әкесі каталониялық клубтың басшыларымен байланысқа шығып, ұлының командаға қайта оралуын ақылдасқан. 

Месси "Барселона" сапында 2000 жыл мен 2021 жылдар аралығында ойнады. Бірақ 2021 жылдың жазында ол каталониялық клубпен келісімшарты аяқталған соң, ПСЖ сапына ауысты. Негізі шабуылшының өзі "Барселонада" қалғысы келген. Бірақ бұл клуб қаржылық қиындықтарға байланысты Мессиді қалдыра алмады. 

Биыл Лионель Месси ПСЖ сапында 26 кездесуге қатысып, жеті гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport