Лионель Месси әлемдегі ең мықты форвардты атады

© football.ua
Каталониялық "Барселонаның" ойыншысы Лионель Месси әлемдегі үздік шабуылшыны атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол бразилиялық атақты футболшы Роналдоны үздік форвард деп деп санайды.

"Роналдо нағыз феномен болды. Ол - мен көрген үздік шабуылшы. Ғажап футболшы болатын", - деді Месси.

Роналдо "Крузейро", голландиялық ПСВ, "Барселона", миландық "Интер", мадридтік "Реал", "Милан" мен "Коринтианс" сапында ойнаған. Бразилия құрамасымен бірге екі рет әлем чемпионы (1994, 2002) атанып, Америка кубогын (1997, 1999) иеленген.

2011 жылы бразилиялық футболшы карьерасын аяқтайтынын хабарлаған. 2018 жылы Роналдо испаниялық "Реал Вальядолид" клубының қожайыны әрі президенті болды.
Жаңалықтар