Лионель Месси әлем чемпионатында қай құрама фоварит екенін атады

©sportskeeda.com

Аргентина құрамасы мен ПСЖ командасының шабуылшысы Лионель Месси Катарда өтетін әлем чемпионатында қай құраманың фоварит екенін айтты. 

"Алдағы әлем чемпионатының басты фовариттері Бразилия, Германия, Франция, Англия, Испания. Бірақ мен кейбір құрамаларды қосуды ұмыттым. Егер бір немесе екі құраманы таңдау керек болса, Бразилия мен Францияны айтар едім", - деп келтіреді Мессидің сөзін "Спорт-Экспресс" басылымы. 

Айта кетейік, Катардағы әлем біріншілігі 20 қараша мен 8 желтоқсан аралығында өтеді. 

Аргентина құрамасы Мексика, Польша және Сауд Арабиясымен С тобында ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport