Футбол
16 ақпан 2021 10:00

"Лион" тәлімгері қазақстандық клубқа бақылау матчіне келді

Усман Ндиайе. Сурет: "Шериф" ФК

Сенегалдық қорғаушы Усман Ндиайе "Қайсарға" бақылау матчіне келді,- деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның қорытындысы бойынша бапкерлер штабы футболшының командадағы болашағына қатысты шешім қабылдайды.

Ндиайе ойнаған кейінгі команда молдавиялық "Шериф". Осы маусымдағы 12 матчте ол бір гол салып, бір нәтижелі пас берді. 

29 жастағы Усман франциялық "Лион" академиясының тәлімгері екенін айта кетейік. Карьерасында ол франциялық "Арль", түркиялық "Самсунспор", "Генчлербирлиги" және "Анкараспор" сапында өнер көрсеткен.

Transfermarkt футболшының трансферлік құны 400 мың еуро деп бағалап отыр.