"Лейпциг" Еуропа Лигасының финалына шығуы мүмкін

©Reuters

Еуропа Лигасының екінші жартылай финалында "Лейпциг" пен "Рейнджерс" клубтары кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Германиядағы алғашқы матчта жалғыз гол соғылды. Ойынның 85-минутында алаң иелерінен Анхелиньо көзге түсті. Осылайша, Доменико Тедеско шәкірттері Чемпиондар Лигасынан кейін екінші санаттағы турнир саналатын Еуропа Лигасының финалында өнер көрсетуге бір табан жақындай түсті.

Алайда Шотландияның 55 дүркін чемпионы атағы бар Глазгоның "Рейнджерсі" "Айброкс" стадионында камбэк жасауы мүмкін. Қарымта кездесу 5 мамыр күні Шотландияда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport