Левандовскидің "Барселонаға" қосылған видеосы шықты

©Reuters

Роберт Левандовски АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Барселонаға" қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Соңғы кездері ғасырдан да ұзақ күн кешіп жүргендеймін. Өмірімнің жаңа белестерін бағындыруға дайынмын. Жалпы мен жекелеген ойындар ғана емес, командаммен бірге үлкен титулдарды жеңгім келеді. Испания чемпионатының ең мықты клубында ойнағым келді. Ал "Барселона" нағыз топ клуб. Мүмкін болған барлық кубокті жеңеміз деген ойдамын. "Барселонаға" қосылғаныма қуаныштымын. Алға, Барса!", - деп жазды Левандовски әлеумттік желіде.

Еске салайық, Роберт Левандовски осыған дейін "Бавария" сапында 2014 жылдан бері 375 ойында 344 гол соққан. Мюнхендіктер сапында Бундеслиганың сегіз дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2020 жылы Чемпиондар Лигасын, УЕФА Суперкубогін және клубтық әлем чемпионатын жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар