Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Польша құрамасы Франциядан ұтылды (1:3), деп хабарлайды Vesti.kz.
Польша құрамасы сапында жалғыз голды Роберт Левандовски 90+9-минутта салды.
Бұл оның 78-голы болды, соның арқасында ол тарихтағы барлық құрамалардың ең мықты 10 сұрмергені қатарына кіріп отыр.
Бұл тізімде бірінші орында әрине Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду - 118 гол.