Левандовски тарихи рекорд жасады

©instagram.com/_rl9

"Барселона" шабуылшысы Роберт Левандовски үш түрлі командамен Чемпиондар лигасында хет-трик жасаған алғашқы ойыншы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Польшалық шабуылшы бұл рекордты Чемпиондар лигасының 1-турында "Виктория Пльзен" командасымен болған кездесуде (5:1) орнатты. Роберт матчтың 34, 48 және 67-минуттарында мергендігімен көзге түсті.

Бұған дейін Левандовски "Боруссия Дортмунд" сапында (бір рет) және "Бавария" құрамында (төрт рет) хет-трик жасаған болатын.

Сонымен қатар, Левандовски Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орынға көтерілді. Роберт кәрі құрлықтың басты додасында 89 гол соғып, "Реалдың" шабуылшысы Карим Бенземаны (86) басып озды.

Бұл тізімде екінші орында ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси (125 гол) тұр. Ал рекорд "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналдуға (140 гол) тиесілі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: