Футбол
23 қараша 2022 00:00
 

Левандовски пенальтиден мүлт кетті. Мексика мен Польша тең ойнады

  Пікірлер

blog.share

Левандовски пенальтиден мүлт кетті. Мексика мен Польша тең ойнады ©twitter.com/Football__Tweet

Футболдан Катардағы әлем чемпионатында Мексика мен Польша құрамалары тең тарқасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Футболдан Катардағы әлем чемпионатында Мексика мен Польша құрамалары тең тарқасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Дохадағы "974" стадионында С тобындағы Мексика мен Польша кездесті. Бұл ойын 0:0 есебімен аяқталды. 

 Кездесудегі ең шешуші сәт 58-минутта болды. Поляк футболшылары пенальти орындауға мүмкіндік алған, бірақ нүктеге келген Роберт Левандовски мексикалық қақпашы Гельермо Очоадан айласын асыра алмады. Осылайша, әлемдегі үздік сұрмергендердің бірі Левандовски әлем чемпионатында алғаш рет гол соғатын мүмкіндігін мүлт жіберді.

Осы ойыннан кейін бір ұпайдан алған Польша мен Мексика С тобында 2-3-орындарды бөлісіп тұр. Бүгін сенсация жасаған Сауд Арабиясы үш ұпаймен көш басында. Ал Аргентина құрамасы соңғы орында.

Енді бұл топтың келесі ойындары 26 қарашада өтеді. Аргентина мен Мексика күш сынасса, Польшамен Сауд Арабиясы кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!