Левандовски "Ливерпуль" сапына ауысуы мүмкін

©Reuters

Роберт Левандовски жазғы трансферлік маусымда "Ливерпуль" сапына ауысуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Левандовскидің Тұманды Альбионда ойнауына неміс бапкері тікелей мұрындық болуда. 
 
Польша құрамасының шабуылшысы кезінде Дортмундтың "Боруссиясында" Юрген Клопптың қол астында доп тепкен.

Қазіргі таңда футболшының "Бавариямен" келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. 33 жастағы шабуылшы 2021/22 жылғы маусымда 37 матчта 45 гол соқты. 

Трансферлік құны 50 миллион еуро тұратын ойыншыға "Ливерпульден" бөлек, "Реал" мен "Барселона" клубтары қызығушылық танытуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport