Левандовски дубль жасады. "Бавария" Германия суперкубогіне таласта "Боруссияны" ұтты

Сурет: Reuters\Leon Kuegeler©

"Бавария" Германия суперкубогі үшін талас матчте "Боруссияны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дортмундтегі "Сигнал Идуна Парк" стадионында өткен кездесу қонақтар пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.

41-минутта Роберт Левандовски "Баварияны" алға шығарды. Сегіз минуттан кейін ол Томас Мюллерге нәтижелі пас берді. 64-минутта "Боруссия" шабуылшысы Марко Ройс бір гол салды. Ал 74-минутта Левандовски дубль жасап, матч нүктесін қойды.

Айта кетейік, "Бавария" Суперкубокті тоғызыншы рет ұтып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport