Левандовски "Баварияға" қарсы. "Барселона" матчіне тікелей трансляция

13 қыркүйек 2022 05:43
©Барселона ФК

Бүгін түнде УЕФА Чемпиондар лигасының екінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кәрі құрлықтың басты клубтық турнирінің негізгі ойыны – "Бавария" мен "Барселона" арасында өтеді. Әзірге С тобында әлемнің алпауыт командалары алғашқы айналымнан кейін 3 ұпаймен алғашқы екі орынға жайғасқан. Тек "каталондықтар" гол саны бойынша көш бастап тұр.

Бір қызығы Польша құрамасының жарық жұлдызы Роберт Левандовски бұрынғы командасына қарсы алаңға шығады. Ал "Альянц Аренаның" поляк ойыншысын қалай қабылдайтынын елорда уақытымен түнгі сағат 1:00-ден бастап QAZAQSTAN ұлттық арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. Сонымен қатар, арнаның ресми сайтынан да Германиядағы матчты онлайн көруге болады.

Еске салайық, Роберт Левандовски "Баварияда" 2014-2022 жылдары 253 ойында 238 гол соққан. Мюнхендіктермен Бундеслиганың 8 дүркін чемпионы атанды. Германия Кубогін 3 рет және Германия Суперкубогін 5 мәрте иеленді. Ал 2019-2020 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының Кубогін алды.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport