Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски "Бавариядан" неге кеткенін түсіндірді. Футболшы командада өзара түсінісушілік жоғын айтады.
"Өмірден көбірек эмоция алғым келетіндіктен кетемін. Олар мені соңына дейін тыңдағысы келмейді. Ішімде бір нәрсе сынып қалғандай болды. Бұған бей-жай қарап отыра алмаймын. Кәсіпқой болсаң да, мұның орын толтыра алмайсың", - деп береді Левандовскидің сөзін 90 min.
Еске салайық, Левандовски "Бавария" сапында 2014 жылдан өнер көрсетіп келеді, ал келісімшарты 2023 жылы аяқталады. Мұның алдында шабуылшы "Барселонамен" келісімшартын талқылап қойғаны хабарланды.