Левандовски "Барселонамен" келіссөз жүргізуде
"Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын каталондық "Барселонада" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sport.es порталына сілтеме жасай отырып.
"Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын каталондық "Барселонада" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sport.es порталына сілтеме жасай отырып.
Каталондық клубтың басшылығы футболшының агенті Пини Захавимен екі рет кездескен. Келіссөздердің нәтижелі өрбуіне "Барселона" президенті Жоан Лапорта мен Захави арасындағы жақсы қарым-қатынас себеп болды.
Левандовскидің өзі Испанияға қоныс аударуға қарсы емес. Польшалық шабуылшы әлі де жоғары деңгейде ойнап жүргендіктен, үш жылдық келісімшарт талап етуде.
Бұған дейін мюнхендік клуб Робертке келісімшартты бір жылға ғана ұзартуды ұсынған болатын. Сол себепті Левандовскидің "Бавария" басшылығымен қарымқатынасы нашарлады. Тараптар арасындағы қазіргі келісімшарт 2023 жылдың жазында аяқталады.
Осы маусымда шабуылшы Бундеслиганың 28 ойынынада 31 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Жарнама