Левандовски "Барселонаға" ауысуына қатысты пікір білдірді

©Reuters

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски "Барселонаға" ауысуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Левандовски Испанияның Мальорка қаласына ұшып келді. Артынша ол АҚШ-та дайындалып жатқан каталониялық клубқа қосылу үшін Майамиге ұшады.

"Ия, мен бақыттымын", - деп жауап берді Роберт әуежайда күтіп тұрған журналистердің сауалына.  

Поляк форварды сейсенбі күні "Интер Майамимен" өтетін жолдастық матчта алаңға шығуы мүмкін.

Еске салайық, Роберт Левандовски "Бавария" сапында 2014 жылдан бері ойнады. Осы уақыт аралығында 253 матчта 238 гол соқты. Неміс клубы сапында Германияның 8 дүркін чемпионы атанды. 2019/20 жылы Чемпиондар Лигасының кубогін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар