Футбол
Бүгін 13:10
 

Левандовски "Алтын допты" биыл кім алатынын айтты

  Пікірлер

blog.share

Левандовски "Алтын допты" биыл кім алатынын айтты ©Depositphotos.com/pigulyak

"Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Роберт Левандовски Ламин Ямальды "Алтын доп" үшін күресте қолдап, оның беделді жеке марапатты жеңіп алу мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы Роберт Левандовски Ламин Ямальды "Алтын доп" үшін күресте қолдап, оның беделді жеке марапатты жеңіп алу мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әрине, мен Ламин Ямальды "Алтын доп" үшін күресте қолдаймын. Ол - керемет ойыншы. Әсіресе, жасын ескерсек, оның деңгейі таңғалдырады.

Қазір "Алтын доп" үшін күрес мүлде басқа сипат алған. Бұрын екі-үш үміткер ғана болса, қазір он футболшыны атауға болады. Олардың әрқайсысының жеңіске жетуге өз дәлелдері бар", - деп береді польшалық футболшының сөзін Barca Universal.

"Алтын доппен" марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Қазіргі марапат иегері - Франция құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Усман Дембеле.

Айта кетейік, қазір MLS-те өнер көрсететін "Чикаго" клубының намысын қорғайтын Левандовски 2022-2026 жылдары "Барселонада" ойнады. Каталондық клуб сапында ол 193 матч өткізіп, 120 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!