"Ньюкасл" командасын сатып алған Сауд арабиялық фонд команданың бас бапкерін ауыстыруы мүмкін.
The Telegraph басылымының ақпараты бойынша, команданы қазіргі уақытта жаттықтырып жүрген Стив Брюстің орнына алғады уақытта "Челсидің" бұрынғы бас бапкері Фрэнк Лэмпард немесе "Рейнджерстің" жаттықтырушысы Стивен Джеррард келуі мүмкін.
Айта кетейік, кеше PIF "Ньюкасл" командасының 80 пайыз акциясын сатып алды. Бұған дейін команданың қожайыны англиялық миллиардер Майк Эшли болды. Ол ұжымды 350 миллион еуроға сатқан.
Қазіргі уақытта "Ньюкасл" жеті ойыннан кейін үш ұпай жинап, турнир кестесінде 19-орында келеді.