Англия чемпионатының кейінге қалдырылған 20-тур ойынынан кейін "Эвертон" бас бапкері Фрэнк Лэмпард саусағын сындырып алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Эвертон" өз алаңында "Ньюкаслды" қабылдады. Бірінші таймда есеп ашылмаса, үзілістен кейін Маркес Аллан дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Нәтижесінде Фрэнк Лэмпард баптайтын команда бір футболшыға кем қалды. Соған қарамастан, Алекс Ивоби (90-9) соңғы минуттарда жеңіс голының авторы атанды.
Эмоциясын жасыра алмаған Лэмпард жеңісті тойлаймын деп саусағын ауыртып алған.
"Қолым бір қаттылау жерге тиіп кеткен болу керек. Сәлден кейін барып қолымның ауырсынғанын сездім. Бірақ осы жеңістен кейін тіпті саусағымның сынғаны түк емес", - деді бапкер Sky Sports арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, ішкі чемпионатта 27 матч өткізген "Эвертон" 25 ұпаймен 17-орынға жайғасса, 29 кездесуден кейін "Ньюкасл" 31 ұпаймен 14-орында келеді.